Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
113
ШЫҢҒЫСТАУ. ҒАСЫРЛАР. АБАЙ.
Ғасырлар келеді ұшып оттай жанып,
Құр бәрін жайпап өтіп құныққандай.
Үстіне Шыңғыстаудың тоқтай қалып
Кетті ағып, – тұрып қалмай...
Кетті ағып. Сан жеткісіз – санасаңдар.
Тамам үн соныменен тамамдалды.
Талайлар көмілді де қара шаңға,
Абайлар – аман қалды!
Ғасырлар келеді ұшып оттай жанып.
Түсін де түстеп жөндеп қарамадық:
Үстіне Шыңғыстаудың тоқтай қалып,
Тағы да барады ағып... Барады ағып.
Жаңа жыл жалт қаратып тұңғыш қарға,
Тұрса да алуан іс алдыма кеп,
Келеді жетіп барғым Шыңғыстауға:
«Топырағыңда Абайлар қалды ма?» – деп.
Ғасырлар құсша ұшады. Қарасаңдар –
Керемет мазасыздық келбетінде.
Талайлар көмілсе де қара шаңға
Қалса екен Абайларым – Жер бетінде!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter