Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
136
ЖОЛ ҮСТІНДЕ
Тау етегінде салт атты келе жатқан Ұлбикеге жол үстінде бір жас дуана кездесіп қалады. Қыздан келесі ауылға баратын жолды сұрайды дуана.
Дуана жүрер жолда дорба асынған,
Ел-жұртым оны-дағы асыраған.
Есер емей немене дуана да,
Өзі адасқан адамнан жол сұраған.
Өрлей берсең, Қаратаудың құзы бар,
Шыға білсең төбесінде мұзы бар.
Төменіне түсе берсең, Баба ата,
Баба атаның қырғауылдай қызы бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter