Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.08.2022
142
СЫР
Ауыл әйелдері, қыз-келіншектері бастаңғы жасайды. Жиында Ұлбикеге ішкі сырыңды өлеңмен айт деп қолқалайды.
Не қам бар ер жігітте басы еркінде,
Той-думан серілікпен жүрер күнде.
Мәз болам еркегім мен қайын атам
Бір апта төркініме жібергенге.
Мен байғұс торға түскен боз бөдене,
Жуғаным құммен ысып жез тегене.
Сол жігіт дұшар кезде келмей қалды
Зым-зия қайран күнім, әттегене!
Ах ұрсам, шыға жаздар шыбын жаным,
Өтсе де жарық күнім атпас таңым.
Қол ұшын беретұғын адам алыс,
Балықтай ауға түскен бұлқынамын.
Дамылсыз тамған тамшы тас бұзады,
Арасын екі тату қас бұзады.
Дөң мінез, тоқпақ қолды, ожар адам
Талқандап сыр сандығын ашқызады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter