Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  121


Автор: Ықылас Ожайұлы

АНА

Сол мезетте...
Сен де кеттің, мен де өлдім,
Тең жартысын жерге көмдім денемнің.
Содан бері сең соққандай сандалып,
Жарты жанмен өмір сүріп келемін.
АНА-БАЛА махаббатын көрдегі,
Қайдан сезсін
көкірексіз көз мұны?
Жерге түскен жарты жаңқам шымырлап,
Аласұрып
мені іздейді кей күні.
Аласұрып құшағында даланың
Күнін күйттеп, қамын жейді баланың.
Көрде жатып
сені ойлайды,
О, тоба...
Құдіреті-ай,
Махаббаты-ай
АНАНЫҢ.
Құрсақ-ғұмыр қаннан сүтке алмасып,
Пәни-Бақи
бір үйлесім таңдасып.
АНА-БАЛА...
Кіндігінен дамылдап,
Жатыр солай...
екі дүние жалғасып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу