Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  104


Автор: Досан ЖАНБОТА

О, ҚҰДРЕТТІ АЛЛАҺ, КІНƏЛАМА ЕШКІМДІ

О, құдретті Аллаһ, кінəлама ешкімді,
Онсыздағы күнəсіздер аз бүгін.
Пенде шіркін қателігін кеш білді,
Көкжиекке қонақтады жазғы күн.
Ақылдылар кемшілігін тірлікте,
түсінсін, – деп ойладың ғой, білемін.
Бұл өмірде жетіспейді бір нүкте,
Уақыт кімнің орындатқан тілегін.
Кешір мені, кемшілігім көп тегі,
Жұлдызға да ғашық болдым көктегі.
Ғашық болу болашаққа аманат –
Ал өзімнің қолым оған жетпеді..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу