Өлеңдер ✍️

  19.08.2022
  467


Күніке қыз

ЖАНАҚТЫҢ ҚАМБАРТЕГІ ҚАРПЫҚ-МӘМБЕТ КҮНІКЕ ҚЫЗБЕН АЙТЫСҚАНЫ


Жанақ:
Деген соң Қамбар елмін, Қамбар елмін,
Қара өлеңге салғанда Дәкең менмін.
Есіл менен Нұраны қатпай қонсам,
Мәмбетшем, табылмассың, қаражынмын!
Қыз:
Қу Қамбар, Қуандық пен Сүйіндікпін,
Үстіңе салсаң үйіп ауыр жүкпін.
Еліңді бар шапқанда екі шауып,
Сөкең барса, шошқадай бірақ түрткен.
Жанақ:
Баласы бәйбішенің Қуандығың,
Жиын-тойда қоймайсың жуандығың,
Бір шапқанда елімді екі шапсаң,
Қылған қайда, Күнікей, туғандығың?
Қыз:
Ұры Қамбар, деген соң ұры Қамбар,
Жан торсығың жанында ірі Қамбар.
Жаз жайлаған-жайлау іші, күз қоймасың,
Маған десең, тұқымың құры, Қамбар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу