Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.08.2022
101
ҚОЖА БОЛЫСҚА АЙТҚАНЫ
Әкеңіз бізге мәлім Құлбас еді,
Тыпырлап қолды-аяққа тұрмас еді.
Темекі көк дәрімен қосып сатып,
Болғанда көк жұмырқұрт тынбас еді.
Тарттың да нағашыңа адам болдың,
Сендей ұл Қашқыншыдан тумас еді.
Тартамын домбыраны қызыл күйлеп,
Қара Қожа хәкім болдың жұртты билеп,
Қашқыншы бес Қойыстың азығы едің,
Көп қойың бір шығарды қырға сүйреп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter