Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  175


Автор: Нұрлан Қалқа

Жалаулыдан түлеп ұштың

Ердің жасы – елу деген белеске,
Толдың бүгін, бұл да бақыт емес пе?!
Ұлың өсіп, қыз бой жетіп, жетілді,
Қиын күндер айналды да елеске.
Адал еңбек осы күнге жеткізген,
Шаңыраққа шаттық дəнін сепкізген.
Құдалар мен құдағилар қаумалап,
Қошемет сөз естиді əркез тек Сізден.
Қамқор болдың арттан ерген бауырға,
Сыйлы болдың дос-жаран мен қауымға.
Алға басып келесің еш мойымай,
Төтеп беріп дауылдар мен жауынға.
Артта қалсын тіршіліктің күресі,
(Қиындықпен күресе де білесің).
Алда деп біл, қуанышы өмірдің,
Шөбереңді ертең бағып жүресің.
Көрші-қолаң,
туыстарға болыстың,
(Тастап кеткен жерің жоқ-ты жол үсті).
Жалаулыдан түлеп ұшқан қырансың,
Қанша жасқа келсең-дағы бол күшті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу