Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
228
Үлкенісің әулеттің
Бауырлардан ертерек сен ер жеттің,
(Бала бағып, талай бесік тербеттің).
Үлкенісің өйткені сен əулеттің,
Тез есейіп, еңбек қуып, сен кеттің.
Қызың өсіп, түлеп ұшты ұяңнан,
(Қарайлайсың, тілектес боп, қиядан).
Қамқорыңды көріп өскен бауырлар,
Алдан шығар амандасып жиі алдан.
Құтты болсын мерейтойың, бауырым,
Мақтан тұтар жұрт өзіңдей тау ұлын.
Адамдығың, адалдығың сүйсінтіп,
Игі ісіңді үлгі етер ауылың.
Ата-анаң, бауырларың – бар құтың,
Отбасың мен немерелер – бақытың.
Алла жазсын ұзақ ғұмыр, мол дəулет,
Елу жасың, құтты болсын, шаттығың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter