Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  104


Автор: Нұрлан Қалқа

Бiр күндерi…

Менiң жаным жұмақты да көрер ме?
Қимас жандар кеткенiме сенер ме?
Бар кезiмде қадiрiмдi ұқпаған,
Жақындардың көзiне жас келер ме?
Перiштелер жер бесiкке бөлер ме?
Сүйген жарым қасiретке көнер ме?
Бауырларым, жақсы достар қапа боп,
Еске алып, көздiң жасын төгер ме?
Бiр күндерi жоқ болсам мен…
(бiрақ та,
О, тағдырым, сəбиiмдi жылатпа…)


Жүрейiн мен аңқылдаған күйiмдi,
Бiр ай болсын, болсын мейлi бiр апта.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу