Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  123


Автор: Нұрлан Қалқа

Беу, бекежан...

«Қыз Жібек» фильмін қайта
көргеннен кейінгі ой.
Төлегенді неге қидың өлімге?
Отырғаның жөн еді ғой төрінде.
Қайран Жібек қара шəлі жамылып,
Қарға қарқ ғашықтардың елінде.
Төлегенді қалай қидың ажалға?
Онсыз аз ба айналған ер мазарға.
Қайран Жібек уыз қалпы тұншықты,
Жемтік болып қызғанышқа, тажалға.
Беу, Бекежан, батыр едің білекті,
Атыңды естіп қас жауларың дір етті.
Ғашық қылып қойғанымен қу тағдыр,
Жазбаған-ау кешірімшіл жүректі.
...Қанша ғасыр, қанша ұрпақ алмасты,
(Сұлуларға талас – найза толғасты).
Опасыздық кешірілмей келеді,
Қарғыс, нала заманаға жалғасты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу