Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
105
Тарзан
Тарзанды бəрі де мақтайтын,
Өйткені ол ешкімді қаппайтын.
Жат пиғыл бейтаныс келгенде,
Қыңсылап,
түк тыным таппайтын.
Ауланы күзетіп жүретін,
Кісінің пиғылын білетін.
Келгенде қауіпті пенделер,
«Сақ болғын!» дегендей үретін.
Қазына еді ғой – ол нағыз,
Шындық қой бұл сөзім, жалғансыз.
Екі үйдің арасын жол қылды,
Қалмасын дегендей қорғансыз.
Мақтайтын бəрі де Тарзан-ды,
(Білдік қой шынымен бағаңды!).
Ауладан алысқа қуатын,
Жат пиғыл, сұм ниет адамды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter