Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
152

Қырық үш – есігіңді аштың бүгін...
Қырық үш – есігіңді аштың бүгін,
Барады тым алыстап жастық күнім.
Бір жасқа есейіп мен шыға келдім,
Ұйқысыздық құшағын ашты түнім.
Тербеліп ой-теңіздің кемесінде,
Баттым екен қиялға мен несіне!
Жанымды шырылдатып шырмауық-мұң,
Кім кепіл түбі мені жеңбесіне?!
Қырық үш – қамал алар шағымсың ба?
Биікке бастар əлде, бағымсың ба?!
Қайрат бер, сəттілік бер, адал жолмен,
Ащы тері жастықтың алынсын да!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇