Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
111
Алыстап сенен барамын...
Алыстап сенен барамын,
Арсыздық ашып аранын.
Қырықтан асқан шағымда,
Артқа кетіп қадамым.
Алыстап сенен барамын,
Аузы аршылып жараның.
Көңілге кірбің түсті ме,
Күмəнмен саған қарадым.
Алыстап сенен барамын,
Не күй кештің, қарағым?
Бала кезден дос тұтқан,
Сен едің жақын адамым.
Алыстап сенен барамын,
Жанымды торлап нала-мұң.
Маңдайға солай жазылса,
Амал жоқ, жалғыз қаламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter