Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  95


Автор: Нұрлан Қалқа

Жылдар өтті...

Жылдар өттi көрмегелi жүзiңдi,
Махаббаттың нəзiк жiбi үзiлдi.
Сарғыш хаттар арамызды жалғайтын,
Сол бiр кездер көз алдыма тiзiлдi.
Қатал тағдыр екеумiздi қоспады,
Сезiм қаңсып, аққулы көл бос қалды.
Өмiр заңы басқаша екен, аяулым,
Сенсiз сүрген мəнсiз өмiр басталды.
Бiр сен үшiн алмадым ба таласа,
Деймiн кей күн ойға шомып оңаша.
Жан дүниемдi баса қалса мұң-нала,
Кетiп қалғым келер саған таң аса.
Суаларын қайран көңiл бiлген бе?
(Үзiп кеттi тəттi алманы бiр пенде).
Сəби сезiм бозторғайдай шырылдар,
Көндігіппін сенсіз өмір сүргенге.


Содан берi талай заман өзгердi,
Жақсылықты, жамандықты көз көрдi.
Аппақ сезiм қалды балаң қалпында,
Аңсап тұрам бiрге жүрген кездердi.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу