Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
359
Сен үшiн
Ой мазалап қабағым құрыстанды,
Тiрлiк қалды жайына, жұмыс қалды.
Достар шарап алғанда, сыра құйған,
Мен көтердiм сен үшiн хрустальды.
Күлiмдейдi нұр-бейнең көз алдымда,
Тост көтердiм сен үшiн сөз алдым да.
Суретiңдi сүйдiм де жайлап қана:
– Кешiр, – дедiм, – сыныңа төзе алдым ба?
Күлiп алды жолдастар: қыз жанды деп,
Тiзiмінен бойдақтың сызған-ды кеп.
Суретiңдi салдым да төс қалтама,
Кете бардым: – пəлелер қызғанды, – деп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter