Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
112
Жалғыздық жыры
Заңсыз әрі махаббатсыз,
Туылды бір нәресте.
Бітімі де бөлекше.
Қазір оған у қосып татқызады,
Өмірдің қатты заңы.
Жаялықтан мейірімсіз жұлып алып,
Жетімдердің үйіне жатқызады.
Ол өмірге кеп еді бақытты іздеп,
Ол өмірге келмеді бақытсыз боп.
Көкпеңбек қыр асқанда дала гүлі,
Бүр ашқанда бұлттардан балалығы.
Сенбейді ол бір шаттықтың барына да,
Келмейді құлағына Ана жыры.
Кенезең де кебетін мәңгі ағыстан,
Терезеден қарайлап жолға алыстан.
Ол үшін Әке дейтін асқар есім,
Қораш қалып қалғандай қолданыстан.
Тұрса да бәрін біліп,
Жылай да алмай жаныңды жалындырып.
Үлгерер сорлы анаңды сағындырып,
Кім келер зарыңды ұғып?!
Жан бар ма ал бізді ұққан?
Мәңгі тас қар-мұздықтар.
Әлемде қанша адам бар,
Соншама жалғыздық бар.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter