Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
113
Жігіттер қазір сапқа тұрады...
Жігіттер қазір сапқа тұрады,
Жанарларға үнсіз шық тұнып.
Дүние сөзі тоқтатылады,
Шақырады азан, тік тұрып!
Жігіттер қазір сапқа тұрады,
Оһ, сонда менің жүрегім.
Жарылып бітер шақта тұрады,
Ажалдың сүйіп күрегін.
Жігіттер қазір құшаққа алады,
Махаббат толы, кеуделі,
Тірліктен сонда, ұсақ талабы,
Іздеме, сәулем, сен мені.
Дауыл сындарын ауырсынбадым,
Бөлінді кеудем күрсінсем.
Мұсылмансың ба, бауырсың, жаным,
Өзіңнен асқақ тұрсың сен!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter