Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
141
![](/uploads/shorttexts/author_image/atfdo5vc3f0.jpg)
Бағымда гүлдесін деп...
Бағымда гүлдесін деп,
Ұнаттым сені.
Еріксіз күлмесін деп,
Жылаттым сені.
Қырсығым!
келді басқа,
Сол мінезім.
Себепсіз шерлі жасқа,
Толды көзім.
Жауғанда көңілсіз күн,
Себелей мұң.
«Менсіз де өмір сүрдің,
Неге?» деймін.
Едің ғой сүре берер,
Жолықпасам.
Сансыз ой түрегелер,
Сені ұқпасам.
Өкпелеп тындың ба, әне,
Балаша бір?
Жеңгетай гүлдің бәрі,
Араша жүр.
Келтірген сәнін де үйдің,
Иісің еді.
Жаным-ай, жаным! - деймін,
Сүйші мені!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter