Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  108


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Анама хат

Сатылған сырғаң үшін,
Әжіміңдей аяулы жылдар үшін,
Барға разы, жоғалғыр жоққа ашынған!
Аппақ нұрың себелеп ақ шашыңнан,
Мені айнытпай келеді мақсатымнан.
«Ай толғатқан анаңды көрсем» деумен,
Күн сүйеді көркіңді, мен сенбеймін.
Мен сенбеймін, мен емес ең асыл жан,
Осы – кәрия!
Сенбесең, сенсең мейлің!
Кенеттен еске түссе ескі дәурен,
Кешқұрым жанарымды жас шылаумен.
Кешқұрым жүрегімді осқылаумен,
Кекілді сәби сезім кештім-ау мен.
Бәрі рас, алайда оның бәрі өткен күн,
Мен бүгін жыламауға әдеттендім.
Басынан аттап өтіп қара өткелдің,
Бейдауа жалғыздықты жар еткенмін.
Жан ана, таң да атуға жақындады,
Қашан атар, ал менің, ақыл таңым?
Күмбірлеп көкірегімде жатыр бәрі,
Қош аман бол.
Құрметпен Батырханың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу