Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
195
Жаңа қылмыстық заң
Тәнді өлтірсе – қылмыскер,
Заңды өлтірсе – қылмыскер,
Неге құштар бәрі отқа?
Өз уақытын құрбан еткен қандықол,
Тартылмайды жауапқа.
Өмірді әлі бастамаған,
Масаң қарт пен жас баладан.
Уақыт құнын сұрар кім?
Аспалы жол, асханадан,
Сәлем жолдап тұр әркім.
Жүре-жүре жетті көкем,
Күле-күле жұрт асқақ.
Шіркін, біреу кетті ме екен,
Есігіңе гүл тастап!
Даласы кең, қатары аз-ақ,
Қаралау мен алалау.
Жата-жата, жата қазақ,
Жатаған боп барады-ау!
Бәріне де ескертілген,
Жаңа заңды лайық дер.
Өз уақытын босқа өлтірген,
Әрбір адам – айыпкер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter