Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  130


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Жалған

Асылын қымбатқа айтып, арзан беріп,
Темірді қазып алып, маржан көміп.
Ғұмырда әтеш қуған әр жанға еріп,
Сен де өтер ме екенсің,
ей, жолаушым?!
Бір түнде жанға ашпаған сыр ақтарып,
Бір түнде жырақ барып,
жылап та алып.
Санаңда сан мыңдаған сұрақ қалып,
Сен де өтер ме екенсің,
ей, жолаушым?!
Аңсарың арлы-арсыз шешімге еріп,
Саусағың жүз арудың төсінде өріп.
Фәнидің әділетсіз кешін көріп,
Сен де өтер ме екенсің,
ей, жолаушым?!
Жан барында егіз ғып мұңды мұңға,
Жалғанын да, тәрк етіп, шындығын да,
Біз де өтер ме екенбіз, уа, дариға,
Бір ғұмырдан ауысып жыр ғұмырға?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу