Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
102
Қызғылтым кипаристей терең өскен...
Қызғылтым кипаристей терең өскен,
Егіліп ертең барын елеместен,
Сынған бұтақ көңілге сәуле құйған,
Сен емес пе ең?!
Жалаң аяқ қиялдың теңіздерін,
Кешкен түні жанымыз егіз дедің.
Жеріп кеудем жыласа неліктен мен,
Сені іздедім?!
Сарылып сүйегі еріп бақ қалатын,
Жамылып жүз аққудың ақ қанатын.
Мен бе екен мыңнан қашқан,
бір бақытты,
Тапқан ақын?!
Жарқ етіп жанарыңнан жасын, жігер,
Досың жылап, өртене қасың күлер.
Алқа қып ақ сезімнің бұршақтарын,
Шашып жібер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter