Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
256
Көке
«Жатқа соғып жүрмесе малшы халық,
Керегі не өлең мен ән шығарып?»
Дейді де жұпар аңқып жан шуағы,
Сыбайды қонышынан қамшыны алып.
Сонан соң шынтаққа алып таянышын,
Ақырын сипап қана қояды ішін.
Арбалып, азаптанып маржан ойға,
Толғанып бүгінгісін, баяғысын...
Бұлыңғыр ертеңің бе, кешегің бе,
Аунайды төрт құлақты төсегінде.
Біреулер ақымаққа балай берсін,
Қызығамын өз басым осы өмірге.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter