Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
18.08.2022
180
Кейде мен...
Кейде мен жалғыз жортып
бара жатам,
Мінезбен мына марғау далаға тән.
Бас та аман,
Бөз де ораулы,
Бармақ та аман,
Жанды қайтем тұрғызып зал мақтаған,
Арды қайтем адам да, аң да аттаған.
Кейде мен қыл қалдырмай
шашымды алып,
Жұп-жұмыр басым қалып.
Үнінен түйе қашқан бір арудың,
Тілін тапқым келеді сосын барып.
Жауын құйса, кірпігін есіп ғалам,
Көлшігін көшелердің кешіп те алам.
Ешкім сонда қолшатыр ұсынбаса,
Ешбір үй ашпаса екен есік маған.
Жымияр қуаныштай қашан қайғым?
Неше алдандым, әлі де
неше алдаймын?
Ең ұлы өтірікті кешкеніммен,
Ең ұсақ өтірікті кеше алмаймын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter