Өлеңдер ✍️

  18.08.2022
  198


Автор: Батырхан Сәрсенхан

Арман

Жанып-өшкен ғұмырын бір адамның,
Келді менің Құдайдан сұрап алғым.
Жазатайым от басқан алақанын,
Жанарына бүркесем жылағанның.
Қол көтерген жарына бір ағамның,
Келді менің қолдарын сұрап алғым.
Қанға малған саусағын таңға малып,
Қолтығына сүйесем құлағанның.
Етігімен баз кешкен бір адамның,
Келді менің аяғын сұрап алғым.
Таяғына сүйенген тағдырлас жан,
Соқпағында тік тұрса бұралаңның.
Көңіліне кек тұнған бір адамның,
Келді менің жүрегін сұрап алғым.
Кеудесіне сыйлар ем сол жүректі,
Кіршіксіз ұнатқанның, ұнағанның...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу