Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  296


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Күз...Қыз...Гүл

Бағыңда гүлдесінші ерек шынар,
Көзіңе елестейді елес мұнар,
Сүйгенің сені мүлде ұмытса егер,
Ұмытқаны саған да керек шығар?
Өкпелейсің, ішіңнен шамданасың.
Бір сәттік сезіміңе алданасың.
Түндегі ойың бөлек, таң атқанда,
Кетесің қу тірлікпен қарбаласып.
Шалықтап ап, өлеңге желе бердім,
Жақсыға, жаманға да сене бердім.
Кемел шаққа толдым ба, біле алмадым,
Сөзіне тоқтаймын ғой, кемел елдің.
Солай ма?
Өзгеше ме біздегі өмір,
Болады қамықпаңдар күзде де өмір.
Қарашада қар басқан гүлдер көп қой,
Қар астында солмасын іздегенің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу