Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  118


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бүгінгі күй басқа өмір...

Бүгінгі күй басқа өмір,
Жетектеп жүр жас сезім.
Аңсатты ғой шіркін-ай,
Он сегіздей жас кезім.
Елжіреткен жанымды.
Тойда көрдім лағылды.
Еркелейсің еліктей,
Тапсаң екен бағыңды.
Мың бұралып билеген,
Қыз қызғалдақ сыйлы едің.
Жастық дәурен қайдасың,
Ұнатқаным сүймеген.
Би тербеді санамды.
Тырнады ма жарамды,
Қимай кетіп барамын,
Қала түні қараңғы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу