Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  72


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ақын тылсымы

Кездеспей тұрып шыдап алғайсың
Кездесіп тұрып жылап алғайсың.
Ақынның жаны от алау, өртер,
Өртіне оның шыдай алмайсың.
Құныңды білер шыдағаныңда,
Қасыңа келер бір ақ адамдап,
Қуансаң күліп, жаныңды баурап,
Көзіңді сүртер жылағаныңда.
Білмеймін жаным, ұлы адаммын ба?
Өмірім мынау,
Тірі адаммын ба?
Сүйейтін сен бе, әлде өзге ме екен,
Өлеңді құшып құлағанымда.
Пейілім аппақ, сеніп қаламын.
Оятар түнде, серік қаламым.
Сүйемін деме, сүйе алмасаң,
Сөніп жанарым,
Өліп қаламын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу