Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  208


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ақын қызға

Ерексің қалқам,
Өзгеше сенің тылсымың.
Ішімде жатқан толқыды-ау бүгін бір сырым.
Қалада жаңбыр,
Жабыққан жүрек, қаяу мұң,
Естілді-ау жүрек дүрсілің.
Ұнатып жүрмін,
Ғашықпын бірақ демейін.
Қалықтап жүрсің,
Өнерің үстем, мерейің.
Жауһазын жырды жүректен шыққан орап ап,
Сабағын үзбей өзіңе арнап берейін.
Ойлаған жансың,
Намысыңменен арыңды.
Жырларың кәусар,
Қаламың неткен қарымды.
Бейнең де әсем аққудың балапанындай,
Баурайсың менің жанымды.
Сыйласа тағдыр,
Сары ала сезім, күздей мұң.
Сырыңды ұғып,
Жырыңды ұғып іздейін.
Тәніңе емес,
Жаныңа дәру боламын,
Іздеме деме, іздеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу