Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  94


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жұмбақ жанға

Мен шексіз бақыттымын, білесің бе?
Өңім бе,
Әлде сағым елесім бе?
Махаббат еске оралып ойға шомдым,
Мініп кеткен келместің кемесіне.
Кеткен шағым келместің кемесінде.
Сен менің жүрегімнің егесі ме ең?
Сол кеште қол ұстаспай жүрдік үнсіз,
Қалай танып қалмадым мен есімнен?
Оралмады мойныма білегің де.
Бір сезім жатты менің жүрегімде.
Отыз жыл отыз күндей өтті неге?
Жолығып, үзілгенде күдерім де.
Қайтемін көңілімнің босағанын.
Өлең жазу ғана ғой, осы амалым.
Менің де ұлдарым жүр жігіт болып,
Сенің де соңыңда жүр қошақаның.
Әртүрлі түсінеді күйіңді адам.
Сезімді жеткізу де, қиын маған.
Сол қызды аңсауменен өтер ме екем,
Қол жетпесім, бағыма бұйырмаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу