Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  106


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Мола басында

Қорымдар,
Мүрде қасы, тыныш қана,
Әбігер боп бармайды жұмысқа да,
Молалар,
Өмірлерін атқа тастап,
Жайғасыпты, бұл неткен тыныш қала?
Пендеміз-ау,
Демейміз төлемім көп,
Жүреміз бұйырғанын көреміз деп,
Келеміз арпалысып, арман қуып,
Бір сәт те ойламаймыз өлемін деп.
Аламыз дос-жақынды өкпелетіп,
Іштегі өкпе-реніш көпке кетіп,
Барлығын кешірсек қой,
Құдайым ай,
Қыймасыңның көңілін көктем етіп.
Қазақтың баласымын есік ілмес.
Кешірімсіз, кінәң да кешірілмес.
Сендерде кінә болса, кешірдім мен,
Сендер де мені достар кешіріңдер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу