Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.08.2022
79
Мәңгүрт жол
Дара жолға бастаған Ұлысымды,
О, Үкімет жалғастыр «Ұлы ісіңді».
Карантинде оқшаулау жатқанымда,
Ауыстырып қойдың ба жынысымды ?
Дұрыс, ұмыт тегіңді, салт-санаңды.
Оқшауланып ұл-қызың, «Бақ табады».
Ал ертең тексіз өскен бала-шағаң,
Ата-анам кінәлі деп ақталады.
Обал ай,
Құдай қалай кешіреді?
Әр бала теріп жейді несібені,
Адам түгіл, ит екеш ит күшігін,
Ұясында емізіп өсіреді.
Ия, дұрыс, бөліп ал анасынан,
Салт-дәстүрді мәңгі өшір санасынан.
Елін, тегін ұмыттыр, мәңгүрт болсын,
Ажырат әкесінен, анасынан.
Билік неге халықпен санаспайды?
Жөн айтар жанды неге аластайды.
Тал бесікте тәрбие көрген бала,
Өмірде жолы болар, адаспайды.
Ұлдар жүр, әлі бойдақ «Қадірі асып»,
Келін жүр, күйеуімен ажырасып.
Гендерлік саясатың кесір болды,
Өкімет ау ұлтты ойлап не қыласың.
Жанашыр деп санасаң, елді сана.
Тәңір атқыр сол заңды, ұсынғандар,
Жеп алып жазды ма екен меңдуана?
Жетімді мүсіркейік, жарлыны біз,
Ол үшін қажет емес Жарлығыңыз.
Тері телпек кигізіп жібермеңіз,
Мәңгүрт болып жүрмейік барлығымыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter