Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.08.2022
115
Тыныс белгі
Көп жандарға ой салса екен үтірлі ой,
Кешегіден бүгінгі күн шүкір ғой.
Көп белгіні бауырым-ау, қайтесің,
Өлеңіңнің арасына үтір ғой.
Сыр жасырсаң, қойып кетші көп белгі,
Жан-жарасын тырнамай-ақ, өткенді.
Алғанымнан сұрағаным көп болса,
Саған, маған не береді леп белгі?
Нүкте де қой, үтір де қой, леп белгі,
Ал леп белгі,
жетер жерге жеткенің.
Сұрақ белгі,
Сұрап жүріп жетіліп,
Бүршік атар өміріңнің көктемі.
Үтір, дефис, нүкте және тырнақша,
Әр шайырдың өлеңінде тұр басқа.
Жеке дара жазатығұн хат емес,
Жеке ғана жазатығұн сырласқа.
Ақын деген-ай, күн емес ауатын.
Жаңбыр да емес көктен нұр боп жауатын.
Ақын деген бағдаршамы халықтың,
Жан-жақты бол,
Үздік болсын сауатың.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter