Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  140


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бөлінгенін қашан қазақ қояды...

Бөлінгенін қашан қазақ қояды?
Жуындымен иттің қарны тояды.
Үш жүзбенен, қырық руға бөлініп,
Бірін-бірі бопсалайды, сояды.
Құдa болып орансаң да бүлдеге,
Бөлінеміз,
Неткен кесел, бұл деген?
Қаның қазақ, ұлтың қазақ білгейсің,
Сол үшін де бір-біріңді күндеме.
Ағайыным, руласым деп, бөлінбе.
Қазақ болып келдің бауыр, өмірге.
Кейбіреудің пейілінен шошынам,
Салмақ түсіп жүрегіме, көңілге.
Біле білсең әрбір қазақ жалғызың.
Ем беретін, дем беретін жалбызың.
Қазақ руға бөлінбейді, сол рудан,
Құралады,
Түсінерсің арғысын.
Жылу таппай шабар мүмкін түзде елік.
Ізгілікті ізгі жаннан ізделік.
Қымыз ішер күнді Алла жазсыншы,
Қазақтарым,
Қыз алысып қыз беріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу