Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  103


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Өмір өлең

Өшпес өмір, мәңгілік сүреді өлең,
Шымылдығын жанымның түреді өлең.
Мені қойшы,
Табармын бір амалын,
Жығылып,
Құлап, тұрып жүре берем.
Ризамын,
Өкпем де жоқ өміріме.
Достарым бар, қарайтын көңіліме.
Қиналсам, күңіренсем жұбататын,
Қоңыраулар түседі нөміріме.
Қара бұлт қаумаласа аспанымда,
Қаяу мұң да түссе егер жас жаныма,
Тілектестер шырылдап үн қосады,
Жұбатады, жекеде, вацапымда.
Ал біреулер аямай қоңырауын.
Неге тағдыр қатал деп, жебір, ауыр,
Жүрегім де нәзік қой жылап алам,
Тамшыларға толады омырауым.
Бір емес, бірнеше рет құлап алғам.
Әңкір-мүңкір өлгенде сұрақ алар.
Түсінбеске қадірің көк тиын ғой,
Атағың сияқты боп, сұрап алған.
Әр пенде сиын алар Құдайынан.
Өлеңім қайтарып жүр сыңайыман.
Пендеден таппағанды сенен таптым,
Тілегімді сұраймын Құдайымнан.


Саспаймын, үміт алда, ғасыр әлі.
Көре алмастар құтыңды қашырады.
Ақындар дуалы ауыз, көресің ғой,
Әлі халқым бағамды асырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу