Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
17.08.2022
148
Көп күттім, жаңбыр жауды
Құдайым тілегім сол, байыпты етші.
Өмірімді өзіме лайықты етші.
Күзде жауған ақ жаңбыр, сұранамын,
Іштегі мұң-қайғымды шайып кетші.
Пендемін, жүре берем құлап-тұрып,
Тыңдайды сырыңды кім, құлақ түріп?
Жымиямын шындықты ішке бүгіп,
Ішімнен күңіреніп жылап тұрып.
Әрбір адам, бір әлем ұғасың ба?
Бір кінәрат жатады дүр асылда.
Пенде етіп жаратқан адамзатты,
Алла ма,
Әлде адамның күнәсі ма?
Жел болсам ұйытқыған, әңгір болып.
Дауыл болып соғар ма ем, тағдыр жолы.
Көзжасыма мен жиі ерік берем,
Жаралған сияқтымын жаңбыр болып.
Азалы ма,
Найзағай, көкте неге?
Менің халім сияқты кектене ме.
Сарыарқаны тастап бір кетсем бе екен,
Қар басқан Алатауға,
Көк төбеге.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter