Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  131


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Имаммен жолыққанда

Сәләф, вахаб дейміз оны оңбады.
Асылдарын бағаламай қолдағы.
Уағыздарын тыңдап жүрген бір жанның,
Көзін көрдім,
Жалт қарады ол дағы.
Жалт қарадым,
Бірден оны таныдым.
Ұшақ күтіп жүр екен ғой алыбым.
Етегіне жабысатын ұлт едік,
Мекке барып келген жанның, Қарының.
Ол да маған жалт қарады, ұғынды,
Әбестік деп ойламады бұнымды.
Жақын барып тілдесуге ұяладым,
Сырмінезбін, айтайыншы шынымды.
Көп жандардың көріп жүрмін сыңайын.
Қиянатқа
Қасіретке шыдайын.
Мұсылманмын,
һақ тірлігі, сенемін,
Мәшһүр айтқан жүрегімде Құдайым.
Санам ояу,
Бөтен ағым, ермеймін.
Баурамаса қолды бір-ақ сермеймін.
Бақ та, сор да тілеп алған тірлігім,
Тағдыр жолы,
Кейде өзімді тергеймін.


Бір самолет,
Мүмкін дағы бір ұштық?!
Ағайындар керек бізге тыныштық.
Уағызшылар көп қой қазір білсеңіз,
Осы жанның уағыздары, тым ыстық.
Үйретіп жүр,
Ислам, имам, тыйымды.
Бұл жандардың жөні бөлек, сыйы үлгі.
Бір сәт қана көңілімді тербеген,
Жеткізейін деген едім күйімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу