Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  105


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Ит тірлік, тартыс өмір

Неге жұрт асылдарды қаралайды?
От салып,
Іріткі сап алалайды.
Асыл ұлға бәлеңді жаппа бауыр,
Ұят-ай, бұл тірлігің жарамайды.
Жүгенсіз, үй маңайлап ұрын қонса,
Ел алдында сабар ек, бұрын болса.
Балағын қауып жатса қайтеді енді,
Өз күшігі өзіне ырылдаса.
Өр сөйлейтін жан еді Қарғам-ау - деп.
Текті жан ғой, бітеді барға дәулет.
Бір бөрі туылғанда, оны талар,
Екі итте туылады қарғы баумен.
Анықтап ашып алмай, ақ-қараны.
Айтаққа еріп,
Шабады, мақтанады.
Ішінде не сасыса соны құсып,
Жамандар қан-жындарын ақтарады.
Тарт қолыңды Алаштың баласынан.
Арлы ағам,
Қазағына жанашыр жан.
Кешіргенді, Алла да кешіреді,
Байқа бірақ, адамның наласынан.
Әй бауырым,
Неліктен ащы демің?
Қарайған қанға толып тас жүрегің,
Күнәсі жоқ жан болса алып келші,
Күнәліміз көбіміз, бәс тігемін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу