Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  128


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Бата

Жақсыны қойды тұсақтап, надан.
Ұсақ боп өмір, ұсақ боп адам,
Жадырап келші, пейілім әппақ,
Бауырым сол деп, құшақтап алам.
Ата-анаң, қарас, мейірге берер.
Басқаның бәрін кейінге шегер.
Алланың көзі тура ғой жаным,
Мейірге берер, пейілге берер.
Пейілің неге тарылып кетті?
Ардақты едің, асыл ең епті.
Періште ғұмыр тәрк етіп сені,
Басыңнан тепті,
Қасыңнан кетті.
Қамшының сабы, бұл дүние жалған,
Тұл өмір сынақ, қорғайды Аллам.
Әке мен шеше батасы ғазал,
Ал онсыз бауыр, оңбайды адам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу