Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  92


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Тағдыр

Тағдырдың жолы,
шалынып құлап алғанмын.
Халық пен билік бір болса екен арманым.
Ит тірлік көп қой,
Басымнан өзім өткеріп,
Ботадай боздап, еңіреп жылап алғанмын.
Не берер дейсің,
Айқайшы тірлік, бүлік құр,
Халқымда бүгін тіршілік құнын ұғып жүр.
Сөзің мен ісің бір келсін жұртым, ағайын,
Өзіңді-өзің баптап бір жүрші, шынықтыр.
Жылаған жан көп,
Өкірген жан көп, күлген де.
Тәж тажал сабақ,
Тірліктің құнын білгенге.
Халыққа келіп сөз айтпай жүрсің басшылар,
Сөйлеген сөзің көк тиын биік мінберде.
Індеттен аман етсе екен жұртты құдайым.
Жылашы десең, еңіреп тұрып жылайын.
Елім-ау менің,
Жұртым-ау менің адаспа,
Адам ғой тегің,
Жаман ғой сенің сыңайың




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу