Өлеңдер ✍️

  17.08.2022
  290


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сабыр керек ағайын

Бұл өмірдің құнын айтшы, байқайын.
Ұғындырды көп жағдайды айқайын,
Әрбір адам өз әлінше түсінер,
Олай болса мен де ойымды айтайын.
Біреу неге күйінеді, бірі ысып,
Біреу неге ашынып жүр жұлысып?
Елдің іші жік-жік болып кетті ғой,
Адамдардың желке жоны тырысып.
Ойым сан сақ, ой әлемі, жортамын.
Той да болар, думан тірлік, торқалы.
Адамзаттың пейілдерін саралап,
Ақырзаман белгісі-ау деп қорқамын.
Апакалипс бұрын еді жат ұғым,
Ділі жаман,
Үні өшсе екен атының.
Қысық көздер жаулаймыз деп әлемді,
Ит тірлігін жасап жатыр жасырын.
Сүлейменге билік беріп сынады,
Ал Перғауын билігінен құлады.
Сынағына төтеп беріп Алланың,
Аюп әулие ауыруға шыдады.
Бір болайық, түсінейік, шыдайық.
Кейбір сәттер,
Мен де жүрем мұңайып.
Бірлігіміз болса ғана жеңеміз,
Жау шапса егер, қол ұстасып шығайық.
Бағдарлап бір қарайықшы маңайды.
Ашынған ит, өз күшігін талайды.
Сабыр-сабыр,
Сабыр етсең ағайын,
Алламның да беті бері қарайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу