Аңыздар ✍️

  17.08.2022
  901


Автор: Айткүл Сәулебаева

Қожанасырдың қарыз беріп, қарыз алуы

Қожанасырдың бір кісіде алашақ 5 теңгесі бар екен. Екі жылға толғанда алашағы есіне түсіп, берген кісісінен ақшасын алыпты да қарызға 5 теңге қосып алыпты. Бірақ ол кісі 5 теңгені қарызға берерінде: «Ертең тауып бер ақшамды, бермесең күніне 1 сомнан өсіп отырады» – депті. Қожанасыр «құп» – деп ертеңінде есінен шығып, айлар бойы қарызын бермей жүре беріпті. Ал ана кісі, бір күн өтсе «бір сом» – деп, он күн өтсе «он сом» – деп қарызының
өсіп келе жатқанына қуанып, «100 теңгеге толғасын алайын», – деп жүре беріпті. Ақыры қарызының берген күніне 100 күн болғанда Қожанасырға келіп: «Қожеке, қарыз алғаныңа бүгін 100 күн, келісім бойынша 5 теңгеме 100 теңге қосып бересің», – депті. Қожекеңнің есіне қарызы жаңа ғана түсіп: «Құп, тілегің болсын, бірақ қарызың мен өсіміңді бидің алдына барып беремін», – депті. Бұл сөзді естіген ана кісі қуанып, Қожанасырды жер-көкке сыйғызбай мақтай беріпті. Сонымен ақшасын 105 теңгеге толтырған Қожанасыр кісісін ертіп биге жүгініпті де, 105 сом ақшасын тосып «Мына кісіге беріңіз» – деп жайын айтыпты. Би тілегін орындап, «Тағы қандай арыздарың бар» – дегенде, Қожанасыр: «Тақсыр, енді менің алашағым бар, бұл кісіде. Бұдан екі жыл бұрын 5 теңге қарыз алып еді, содан 100 күн бұдан бұрын берді. Күніне 1 теңгеден өсіп отырғанда, мен қанша аламын, соны төрелеп алып беріңіз», – депті. Ана кісі: «Ойбай, біз олай келіскеміз жоқ-ты» – деп безектеп қоя беріпті. Төреші: «Жоқ, заңды шығарып жүрген өздерің, «өсім» дегенді шығарып. Сондықтан Қожекеңнің өсімін сен де бересің. Бір жылда 360 күн, екі жылда 720 күн, 720 күннен 100 күн шығарғанда 620 күн қалады, – Қожекеңе 620 сом бер. Бермесең зынданға 620 күнге салдырып қоямын», – деп үкім беріпті. «Зындан» – десе зәресі кететін кісі «құп», – деп Қожанасырға 620 теңге беріпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Елжан
Елжан 19.04.2023 19:24
Жақсы

Пікір жазу