Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  127


Автор: Сәуле Досжанова

Аяулым менің,

Аяулым менің,
Қаяулым менің, ардақтым,
Үзілген үміт, кесілген жолды жалғаппын.
Аруы едің Қыз Жібектейін Ақтамның,
Толқытты мені жүрегіңдегі жатқан мұң.
Қаншама жылдар адасып жүріп, тапқанмын.
Куә ғой оған алаулап мынау атқан Күн.
Аяулым менің,
Қаяулы жансың білемін.
Өзіңді ойлап сағынып дәйім жүремін.
Жазылмаса екен жұбымыз жалғыз тілегім,
Соғады сен деп беймаза мынау жүрегім.
Қаншама жылдар біздерді бөліп жатқанмен,
Қиялымменен өзіңмен мәңгі бір едім.
Аяулым менің,
Қаяулым менің, Аққозым!
Бәйгеге түсіп, жүргенде дәйім сапта озып,
Жастығымды ұрлап, уақыт дегенің жатты озып.
Жоғалтқан жүрек сыңарын ақыр тапты өзі.
Шарқ ұрып іздеп, алқынып тұрып жеткенде,
Сезе алдың ба екен мендегі ғажап сәтті өзің....
Аяулым менің,
Ойламас сені сәтім жоқ,
Сағынып жазған әндерім менен хатым көп.
Өзіңе ғана ғұмырымды арнап жүргенмен,
Бір үйде бірге тұруға қайтем хақым жоқ.
Хақым жоқ тағы сүйгендігімді жазбауға,
Мәжнүнге ұқсап ессіз боп өтсін дегендей,
Жаралған екем ғашық боп мәңгі маздауға!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу