Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  127


Автор: Сәуле Досжанова

Күрсінбеші!

Күрсінбеші!
Неге осынша күрсіндің?!
Жеткізе алмай отырсың ба, бір сырды?
Бір жаманат еститіндей жүрегім,
Неге, неге үдетті екен дүрсілді.
Күрсінбеші!
Мен тіріде осынша,
Әйел сыры дертке айналар жасырса.
Ғашықтықтан есім кетіп жүргенде,
Не болады сенің дертің қосылса.
Күрсінбеші!
Шаттығымды шайқама,
Енді бақыт құшақ ашты айқара.
Осы сәтте неге салқын тартасың.
Мен туралы біреу өсек айта ма?
Айтса, айтсын,
жел сөздерді тыңдама,
Толқытсыншы сені нәзік сыр ғана.
Кей сөздерін айта алмастан тұр міне,
Баяғыда ғашық болған бір бала...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу