Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  107


Автор: Сәуле Досжанова

Ешкімге айта алмайтын...

Ешкімге айта алмайтын,
Дертімді менің ұғар кім?
Тауларға айқайлайтын,
Қияли болған шығармын.
Сезімім жанды жүдетіп,
Тәбет те кетті тартылып.
Ғашықтық дертін үдетіп,
Төзім мен сабыр сарқылып.
Күндіз бе, түн бе – шегі жоқ,
Өзіңді аңсап отырам.
Сағыныш деген жегі жеп,
Таңды да көзбен атырам.
Асыл да, асқақ тұлғаңды,
Сәт сайын еске аламын.
Жазбаған ешкім жырларды,
Төгетін еді қаламым.
Сен мейлі, сенбе өзің біл,
Дәл мұндай ғашық болмағам.
Түсінші, ессіз кезім бұл,
Амалы басқа қалмаған...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу