Өлеңдер ✍️

  15.08.2022
  129


Автор: Сәуле Досжанова

Асыл бейне – Хауа анаға ұқсатқам...

Асыл бейне – Хауа анаға ұқсатқам,
Елі сүйген босата алмай құшақтан.
Қарашада туған Айдай көріндің,
Алматыға келіп қонған ұшақтан.
Қызыл гүлдей құлпыратын қыраттан,
Күлкің сенің естіліп қап бұлақтан.
Ақша бұлттар арасынан Аяулым,
Түсе бердің айдай болып траптан.
Аспантаудың елең еткен елігі ең,
Алғаш рет Алматыда көріп ем.
Сендей ару жоқ мен үшін өмірде,
Армандадым бір болсам деп сенімен!
Біздер үшін ата берсін таң күліп,
Санамызды шырмамасын сан күдік.
Сол баяғы бозбаладай ғашықпын,
Сізді сүйіп өтем жаным мәңгілік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу