Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
110
Көзерің нұр шашқан, мұңданып тұрды аспан.
Көзерің нұр шашқан,
мұңданып тұрды аспан.
Еске алып күрсінем, күндерді сырласқан.
Сені ойлап көз ілем
бал тамған сөзіңнен.
Өзіңді армандап бойжеткен кезіңнен.
Сылдырын бұлақтың сүйетін нәзік ең,
Мен саған жырымды сол кезде-ақ жазып ем.
Білемін өлеңім көзіңе түспеді,
Тағдыр мен уақыт дегенін істеді.
Аруы Ақтамның –
бұлбұлы бақтардың,
Отыз жыл ұмытпай, адасып тапқанмын.
Нәзік ең, қайсар ең ешкімнен ықпайтын,
Неліктен бір сәтке есімнен шықпайсың....
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter