Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
92
Жолымен өттік біздер талай белдің...
Жолымен өттік біздер талай белдің,
Сол еңбек қажетіне жарай ма елдің.
Аяулым көріп сенің суретіңді,
Көз алмай қарай бердім, қарай бердім!
Бейнеңе қарап көңіл бұзылғандай,
Қыр мұрын, қиғаш қасың сызылғандай.
Дүниеге жария етуге болар еді-ау,
Қазақтың көрсінші деп қызы қандай!
Сезіндім қара жолда көктің демін,
Бейнеңді медеу етіп өттім дедім.
Жарқырап туған Айдай қарап тұрған,
Анадан асыл туған тектім менің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter