Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
15.08.2022
101
Мәртебем едің, мерейім едің жан жарым...
Мәртебем едің, мерейім едің жан жарым,
Жаныңда сенің бақыт құсыңдай самғадым.
Жаныңда сенің баладай едім алаңсыз,
Махаббат пенен мейір ораған жан-жағын.
Шаттығым едің, мерекем едің үйдегі,
Арманым менің атыңды өрге сүйреді.
Екеулеп жүріп өмір айдынға жіберген
Күтпеген жерден кемеміз неге күйреді?
Таусылып тұзың, тоқтады өмір сағатың,
Оқ тиді келіп қиылды менің қанатым.
Көзі тиді ме, сөзі тиді ме дұшпанның,
Жалп ете түстің шырағым көкте жанатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter